«Ұлы тарих жыршысы» атты тәрбие сағаты өтті.
7 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызеткерлерінің ұйымдастыруымен М.Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына орай «Ұлы тарих жыршысы» атты тәрбие сағаты өтті.
Шараға «Теміржол» колледж білімгерлері қатысып, тарихтың терең тамырын зерттеген Мұхтар Мағауиннің еңбектерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға тың мәліметтер ұсынды.

