“Ұлы халықтың – ұлы Абай” атты оқу марафонын өткізді.
6 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері 10 тамыз Абай күніне орай ұлы ақын, жазушы, сазгер, аудармашы “Ұлы халықтың – ұлы Абай” атты оқу марафонын өткізді. Шара барысында кітапханашы Абай өлеңдері жан-жақты әлеуметтік аясы кең, өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы тиетін махаббат өлеңдері жайында айтып өтті. Жас оқырмандарымыз “Әсемпаз болма әрнеге”, “Ғылым таппай мақтанба” т.б өлеңдерін жатқа айтты. Мақсаты: Ұлы даланың ақыны Абай Құнанбаевты тереңінен зерделеу және оның шығармашылығы мен өмір жолын жастарға үлгі ету. Поэзияны сүюге баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.



