«Ұлы даланың ұлы ойшылы– Абай» әдеби кеші өткізілді.

10 тамыз күні аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны , ойшылы, ағартушы Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлы даланың ұлы ойшылы– Абай» әдеби кеші өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні, адамгершілік, білім еңбек, ғылым және ел бірлігі туралы терең ойларынан үзінділер оқылып, әндері шырқалды.
Шараға Шу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі «Әкелер кеңесінің» төрағасы Балықбаев Мейірхан Исаұлы, Шу аудандық аналар алқасының мүшесі Сатыбалдиева Ләйлә Қалмашқызы қатысып, Абайдың адамгершілік, имандылық, білім мен еңбек туралы өсиеттерінің өмірлік мәніне тоқталып, жастарды ақын мұрасын терең оқып, өнеге алуға шақырды.