«Ұлы даланың – ұлы ғалымы» атты әдеби аялдама өткізілді.
13 қараша күні Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Ұлы даланың – ұлы ғалымы» атты әдеби аялдама өткізілді. Іс-шара қазақ халқының маңдайалды ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, ағартушы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақ мәдениетінің тұңғыш өкілдерінің бірі — *Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына* арналды.
Әдеби кездесудің негізгі мақсаты – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы арқылы оқырмандарға оның ұлт руханиятындағы орнын таныту, жас ұрпақты ғалымның жан-жақты тұлғасын үлгі ете отырып, білім мен ғылымға құштарлыққа баулу. Шоқан – қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі, ғылым жолындағы тұңғыш дара жол салған тұлға екені іс-шара барысында кеңінен насихатталды.
Іс-шара оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұлт тарихына, ғылымына деген қызығушылығын арттырды.



