«Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты тәрбие сағаты өтті.
10 тамыз күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халқымыздың дана ақыны, ұлы ойшылы, ағартушысы әрі сазгері Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріп, кітапхана қорындағы ақынның «Қара сөздері», өлеңдері мен шығармалары жинақтарын таныстырып, насихаттады.



