«ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ» АТТЫ ТАРИХИ ШОЛУ ӨТТІ
30 қазан күні БАЛУАН ШОЛАҚ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ» АТТЫ ТАРИХИ ШОЛУ ӨТТІ
Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақтың белгілі ақыны, әншісі, жыршы-термешісі әрі композиторы Аяз Бетбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы дала тұлғалары» атты тарихи шолу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Аяз Бетбаевтың 1942 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға ауылында дүниеге келгені, бала кезінен халықтың ән-жырына құмар болып өскені туралы мағлұмат берілді.
Сонымен қатар қаламгердің қазақтың дәстүрлі өнеріне қосқан үлесі, шығармашылық мұрасы, өнер жолындағы жетістіктері мен марапаттары кеңінен таныстырылды.


