«Ұлы дала күйшісі – Дина» атты әдеби-музыкалық кешін өткізді.
12 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету
бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрнекті қазақ
композиторы және домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі
Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Ұлы
дала күйшісі – Дина» атты әдеби-музыкалық кешін өткізді. Іс шара барысында
кітапханашы Д.Нұрпейісованың күйлері Құрманғазы
халық аспаптар оркестрінің репертуарына енгендігін және
қазіргі заманғы музыканттардың орындауында әлі де
жалғасын табатындығын айтып өтті.





