«Ұлтымыздың мақтанышы – Рәміздер» атты тәрбие сағаты өткізілді.

3 маусым күні Алға ауылдық кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ұлтымыздың мақтанышы – Рәміздер» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы жан-жақты мағлұмат беріп, олардың шығу тарихы мен маңызын түсіндірді. Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны екендігі айтылып, оларды құрметтеу әрбір азаматтың парызы екендігі насихатталды.