«Ұлтымыздың мақтанышы – рәміздер» атты әдеби кеш өткізілді.

4 маусым күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ұлтымыздың мақтанышы – рәміздер» атты әдеби кеш өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел бірлігі мен егемендігінің нышаны екені түсіндірілді.