«Ұлтымыздың кие тұтқан сандары» атты танымдық сағат өткізілді.

20 мамыр күні Абай ауылдық кітапханасында «Ұлтымыздың кие тұтқан сандары» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының киелі сандарының мән-мағынасын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметін арттыру. Шара барысында 3, 5, 7, 9, 40 сандарының халқымыз өміріндегі орны туралы мәліметтер айтылып, мақал-мәтелдер мен танымдық сұрақтар қойылды. Қатысушылар ұлттық дүниетанымға байланысты қызықты деректермен танысып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.