«Ұлттық теңге – төл мақтанышымыз» атты библиографиялық шолу өткізілді.
13 қараша күні 15 қараша – ұлттық валюта күніне орай Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық теңге – төл мақтанышымыз» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен таныстырды. Сонымен қатар ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берді.
Шараға қатысқан оқушылар ұлттық тенге туралы тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталдар туралы ақпараттармен бөлісті..



