«Ұлттық құндылық – ұлт болашағының ұстыны» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

11 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен

«Ұлттық құндылық – ұлт болашағының ұстыны» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Кештің мақсаты – оқырмандарға қазақ халқының ұлттық құндылықтарының мәнін түсіндіру, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұраларды таныстыру. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер туралы мазмұнды мәліметтер беріліп, қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары оқылды, ұлттық өнердің ерекшеліктері насихатталды. Қатысушылар халқымыздың бай мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызын терең түсініп, ұлттық мәдениеттің құндылығын ұғынды.