“Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі” атты тәрбие сағаты өтті.

18 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев трек орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен “Ұлттық құндылық – ұлт бейнесі” атты тәрбие сағаты өтті. Аталған шарада кітапханашы халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтары жайлы ақпарат беріп, оқушылар ұлттық құндылыққа байланысты сұрақтарға жауап берді.

Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.