«Ұлттық прозаның көрнекті өкілі» атты әдеби портрет ұйымдастырылды.

30 қыркүйек күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті жазушы Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлттық прозаның көрнекті өкілі» атты әдеби портрет ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқырмандарға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ғ. Слановтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беру, қаламгердің әдеби мұрасын насихаттау.

Іс-шара барысында жазушының шығармашылық жолы мен әдебиетке қосқан үлесі таныстырылды. Ғабдол Сланов өз шығармаларында еңбек адамдарының өмірін, ел тарихын, туған жер табиғатын және қоғамдағы өзгерістерді шебер суреттеген қаламгер ретінде кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар жазушының көркем шығарма жазумен қатар, журналистика және аударма салаларында да жемісті еңбек еткені туралы оқырмандарға мағлұмат берілді.

Әдеби портрет барысында қаламгердің шығармаларына шолу жасалып, оның қазақ прозасындағы өзіндік орны мен шығармашылық ерекшелігі атап өтілді.