«Ұлттық ас – ұлт қазынасы» атты танымдық шара өткізілді.
17 наурыз күні Қонаев ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық ас – ұлт қазынасы» атты танымдық шара өткізілді. Шара барысында қазақ халқының дәстүрлі тағамдары таныстырылып, олардың дайындалу жолдары мен пайдасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Қатысушыларға бауырсақ, қымыз, құрт, жент секілді ұлттық тағамдардың ерекшеліктері түсіндіріліп, дайындау тәсілдері көрсетілді.

