«Ұлттық әскеріміз – Тәуелсіздік тірегі» атты патриоттық сағат өтті.

6 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен А.С. Макаренко атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлттық әскеріміз – Тәуелсіздік тірегі» атты патриоттық сағат өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Қарулы Күштерінің маңызы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мағлұмат беріліп, Отан қорғаудың қасиетті парыз екені түсіндірілді.