«Ұлттық әдебиеттің кемеңгері» әдеби подиум өткізілді.

24 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акция аясында қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық әдебиеттің кемеңгері» әдеби подиум өткізілді.

Кеш барысында оқырмандарға қазақтың ұлы жазушысының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, өнегелі сөздері мен тағылымды туындылары кеңінен насихатталды. Оқырмандар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жазушының еңбектері ұсынылды.