«Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

30 қазан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушыларға қазақ халқының көрнекті ағартушы-педагогы, ғалым әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі және әдеби мұрасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, ұлы ұстаздың өлеңдері мен тағылымдық әңгімелерінен үзінділер оқылып, шығармаларының тәрбиелік мәні түсіндірілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст