«Ұлттың ұлы қазынасы» тақырыбында ұлағатты сағат өткізілді.

17 ақпан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен (Тәңірберген) Әлімқұловтың «Ұлттың ұлы қазынасы» тақырыбында ұлағатты сағат өткізілді. Шарада кітапханашы «Тәкен Әлімқұлов Бейімбет Майлиннен кейінгі қазақтың қара сөзін құлпыртып, мәйегін ұсынған аса талантты Тәкен шығармалары ғасырдан ғасырға жасай беретін көркемдігі жоғары, қазақ прозасына эталон болатынын, әдебиет әлеміндегі орнын қадап көрсетті. Тәкеңдей талғампаз қаламгердің суреткерлік феноменін ой елегінен өткізсек артық емес. Туған әдебиетіне тұп-тура жарты ғасыр адал қызмет еткен, қаламы қолынан түскенше тек қана жақсы шығармалар жазған Тәкен Әлімқұлов шын мәнінде соңына қымбат мұра қалдырды»-деген қалам достарының сөздерімен көркемдей келе, өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып өтті.