«Ұлттың ойшысы Олжас Сүлейменов» портреттік кеш өткізілді.

15 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, зерттеуші, дипломат Олжас Сүлейменов шығармашылығына арналған «Ұлттың ойшысы Олжас Сүлейменов» портреттік кеш өткізілді.

Шара барысында ақынның өмірбаяны, әдебиет пен қоғамдағы орны туралы мәліметтер айтылып, шығармаларынан үзінділер оқылды.

Сонымен қатар қатысушылар ақынның ел бірлігі, тіл, тарих және руханият тақырыптарындағы ой-толғамдарымен танысты. Кеште ақынның қанатты сөздері мен кітаптарына шолу жасалып, оқырмандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.