«Ұлт жырының ұлы ақыны – Жамбыл» әдеби караоке тұрақты оқырмандардың қатысуымен өтті.
23 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Ұлт жырының ұлы ақыны – Жамбыл» әдеби караоке тұрақты оқырмандардың қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, жалынды жырлары оқылып, кітап қорындағы кітаптарына шолу жасалды.




