«Ұлт ұстазы –Ыбырай мұрасы» тақырыбында портреттік кеш өткізілді.

2 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Қазақтың ұлы педагогы ,ағартушы және ғалым Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Ұлт ұстазы –Ыбырай мұрасы» тақырыбында портреттік кеш өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Ы.Алтынсариннің өмірбаяны,шығармашылығы туралы баяндап берді.

Мақсаты: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ыбырай өлеңдері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.