«Ұлт тілінің ұйытқысы – ұлы Абай» атты поэзия сағаты өткізілді.
10 тамыз күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ұлт тілінің ұйытқысы – ұлы Абай» атты поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы туралы тағылымды мәліметтер алып, ақынның сырлы да салиқалы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Абайдың ғибратқа толы қара сөздері талқыланып, ақынның әдеби мұрасы, философиялық ойлары мен тәрбиелік мәні жөнінде пікір алмасты.
Поэзия сағатында Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттағы орны кеңінен сөз болып, ақынның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым туралы тағылымды ойлары жастарға үлгі ретінде дәріптелді.


