«Ұлт тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында портреттік кеш өткізілді.
23 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушылардың бірі Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында портреттік кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы қаламгердің шығармашылық мұрасы ұлттық әдебиет пен ғылым тарихында айрықша орын алатынын, Медеу Сәрсеке – қазақ әдебиетінде ғылыми ой мен көркем сөзді тоғыстырған сирек тұлға, оның ғылыми фантастикалық шығармалары ұлттық әдебиеттің тақырыптық өрісін кеңейтіп, оқырманды ғылымға жақындатқандығын атап өтті.



