«Ұлт тәрбиесі ұлағат көзі» ұлттық салт-дәстүр байқауы өткізілді.

12 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрімізді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Ұлт тәрбиесі ұлағат көзі» ұлттық салт-дәстүр байқауы өткізілді.

⚜️Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар арқылы көрсетті.

⚜️Сонымен қатар салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық қол өнерлерімен таныстырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

⚜️Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.Осындай ұлттық бағыттағы байқаулар өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты қалыптастыруға, ата дәстүрімізді қадірлеуге зор ықпал етеді.

Возможно, это изображение учеба
Нет описания фото.
Возможно, это изображение текст