«Ұлт рухының үні – Рәміздер!» тақырыбында библиошар өтті.

3 маусым күні 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлернің ұйымдастыруымен «Ұлт рухының үні – Рәміздер!» тақырыбында библиошар өтті. Іс-шара Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып кітапханашы Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен, авторларымен және олардың мағынасы мен символикасы жайында баяндама оқыды.Қатысушылар шарға жасырылған сұрақтарға жауып беріп, кеш соңында «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды..Бұл іс – шара оқушылардың ел рәміздеріне деген құрметін арттырып, патриоттық сезімдерін оятты. Сонымен қатар, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік тұтастықты сезінуіне ықпал етті.