«Ұлт құндылығы – басты байлығымыз» атты тарихи круиз өтті.
23 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ұлт құндылығы – басты байлығымыз» атты тарихи круиз өтті. Іс – шара барысында кітапханашы тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек, себебі ұлттық құндылық-ұлттың тірегі. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет екендігін баяндап өтті. Шараға Алға орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.



