» Ұлт мақтанышы – С.Мұқанов'» атты тарихи сағат өтті.

11 сәуір күні кітапхананың Білім орталығында, оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай » Ұлт мақтанышы – С.Мұқанов'» атты тарихи сағат өтті. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаянымен, шығармаларымен таныстырып, видеоролик көрсетілді.