«Ұлт мақтанышы – Ахмет Жұбанов» танымдық сағат өтті.

8 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ музыкасының ең биік тұлғасы, қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижёр Ахмет Жұбановтың 120 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы – Ахмет Жұбанов» танымдық сағат өтті.

Шара барысында қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, белгілі музыка зерттеушісі әрі сазгер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Оқушылар оның қазақ музыкасын дамытудағы еңбегімен танысып, шығармашылық мұрасынан мағлұмат алды.