«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» кітапханалық бульвар өтті.

30 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» кітапханалық бульвар өтті.

Кітапханалық бульвар барысында арнайы тақырыптық кітап көрмесі жасақталып, онда Қазақстандағы түрлі этностардың мәдениеті, тарихы және бірлігі туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқырмандарға кітаптарға шолу жасалып, мазмұны таныстырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында әр елдің жұмбақтары жасырылып, олардың тапқырлығы мен белсенділігі арттырылды.