«Ұланды елдің – ұрпағы қайсар» атты ерлік сағаты өтті.

5 мамыр күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ұланды елдің – ұрпағы қайсар» атты ерлік сағаты өтті.

Шара барысында оқушыларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні туралы кеңінен мағлұмат беріліп, бұл күннің ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген сарбаздар мен әскерилерге құрмет көрсететін маңызды мереке екені айтылды. Сонымен қатар, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген және өтеп жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, олардың ерлігі мен елге деген адал қызметі үлгі ретінде насихатталды.