«Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты қайырымдылық акциясы өтті.
30 қыркүйек күні «Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты қайырымдылық акциясы өтті.
1 қазан — Қарттар күніне орай №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлері ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін акция ұйымдастырды.
Акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен, зейнет жасындағы апамызға азық-түлік себеті табысталды.
Бәлкім, бұл — үлкен көмек емес шығар. Бірақ кішкентай ғана қамқорлықтың өзі үлкен жүрекке жылу сыйлайды.
Қариясын құрметтеген елдің — тамыры терең.

