“Үлкен әлемге жол ашатын кітап”атты буккроссинг өтті.
21 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір Халықаралық ұлттық кітап күніне орай “Үлкен әлемге жол ашатын кітап”атты буккроссинг өтті.Шара барысында “Ертегілер елінде” атты балалар әдебиеттерінен кітап көрмесі және кітап инсталляциясы ұйымдастырылды.Шара барысында “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында таңдалынып алынған Жұмекен Нәжімеденовтың “Ақ шағыл” романы,”Ел болып оқимыз” жобасы аясында Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя”,қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Қадыр Мырзалиевтың 90 жылдығына орай өлеңдер жинағы оқушыларға оқуға ұсынылып, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы Кірпікбаева Әсел қабыл алды.Мақсаты:кітаптың құндылығын дәріптеу, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,кітап оқуға қызығушылығын арттыру.



