«Үлкен әлемге жол ашатын кітап» букроссинг өтті.
17 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Үлкен әлемге жол ашатын кітап» букроссинг өтті. Атаулы іс-шараға Шерхан Мұртаза орта мектебінің оқушылары және ұстаздары қатысты.
Адам өміріндегі кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдан, энциклопедиядан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар жайлы айтқан кітапханашының сөзін балалар ықыласпен тыңдады. Оқушылар кітап жайлы өлеңдер оқыды, оқыған кітаптан алған әсері мен кітап оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті.





