«Үлкен әлемге жол ашатын кітап» буккроссинг шарасы өтті.

23 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасы қызметкерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні және Ұлттық кітап күніне орай «Үлкен әлемге жол ашатын кітап» буккроссинг шарасы өтті.

Шара барысында кітапханашы оқырмандарға буккроссингтің мәнін түсіндіріп, «өзің оқысаң – өзгеге сыйла» қағидасын насихаттады. Оқырмандар өздері оқып шыққан кітаптарын бір-бірімен алмасты.