«Үлкен әлемге жол ашатын кітап» буккроссинг шарасы өткізілді.
2 сәуір күні 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Үлкен әлемге жол ашатын кітап» буккроссинг шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарды кітап оқуға шақырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндірді. Шараға қатысқан әрбір оқушы өзі оқып, танысқан кітабын достарына ұсынып, өзара кітап алмасу арқылы жаңа туындылармен танысуға мүмкіндік алды.



