“Тұлпар тектес Тәкен” атты танымдық сағат өтті.
27 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында қазақтың белгілі ақыны, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары таңдалынып алуына орай “Тұлпар тектес Тәкен” атты танымдық сағат өтті. Іс шарада кітапханашы Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, “Елқоңыр”, “Кертолғау”, “Көкек айы” атты кітаптарына шолу жасады.

