«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты тич-ин форматында танымдық іс-шара өтті.

18 желтоқсан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында, даңқты батыр, жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгері Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты тич-ин форматында танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Б.Момышұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, оның «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы», «Төлеген Тоқтаров» сияқты еңбектеріне шолу жасады. Батырдың ұлағатты сөздері мен өнегелі өмірі жастарға үлгі ретінде ұсынылды.

Шараның негізгі мақсаты — оқушыларға қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, әдеби мұрасын кеңінен таныстыра отырып, оларды елжандылыққа, батырлыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.