“Тұғыры биік – Тәуелсіздік!” атты еске алу кеші өтті.
12 желтоқсан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Тұғыры биік – Тәуелсіздік!” атты еске алу кеші өтті. Кеш барысында халқымыздың азаттығы жолында құрбан болған ерлердің ерлігі еске алынып, олардың есімін ақтау, тарихи әділдікті қалпына келтіру жолында атқарылған қыруар жұмыстар туралы да мәлімет берілді. Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың батылдығы мен қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа үлгі екені ерекше атап өтілді.



