«Туған тілім айбыным» атты оқу марафоны өткізілді.

5 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Қазақстан Халқы тілдері күніне орай кітапханада «Туған тілім айбыным» атты Т. Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен оқу марафоны өткізілді. Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік мәні бар екенін айта отырып, оқушыларға қасиетті қазақ тілінің қасиетін меңгеріп, тілді құрметтеуге, шешендердің сөзі мен даналық сөздері, ақындардың тілге арнап жазған жырларымен таныстырып өтті. Шараға қатысқан Т.Әшімбаев орта мектебінң 5 сынып оқушылары Тіл туралы ақын –жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.