“Түнгі кітапхана” іс-шарасы өтті.
20 сәуір күні “Түнгі кітап әлеміне саяхат” 23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Теміржол” саябағында ерекше форматтағы “Түнгі кітапхана” іс-шарасы өтті.
Кеш шымылдығы сахна төрінде ағартушы ұстаз Әл-Фараби, сопылық поэзияның көрнекті өкілі Ахмет Ясауи, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев бейнелерімен ашылды.
Іс-шара барысында:
– ауқымды кітап көрмелері мен инсталляциялар ұсынылды;
– викториналар мен танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты;
– сергіту сәттері өткізіліп, балалардың көңіл-күйі көтерілді.
Кештің көркін қалалық мәдениет үйінің қызметкері, сазгер Е. Исаевтың әні мен бишілердің әсем биі аша түсті. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, ерекше әсерге бөленді.
Кеш соңында Шу қаласы әкімі апаратының бас маманы Ақжолов Нұрлан Ғабитұлы пен Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Б.Д. Алжанбаева сөз сөйлеп, белсенді оқушылар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты:оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілікті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Іс-шараға жалпы -150 адам қамтылды.









