«Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыпта тайбл ток өтті.

19 ақпан күні Абай ауылдық кіпханасында «Туберкулез – қатерлі дерт» тақырыпта тайбл ток өтті. Мақсаты: қатысушыларға туберкулез ауруының қауіптілігі, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Іс шара барысында туберкулездің адам ағзасына тигізетін зияны, оның ауа арқылы жұғатыны, алғашқы белгілері (екі аптадан астам жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту) туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар жыл сайынғы медициналық тексеруден өту, дұрыс тамақтану, жеке гигиена сақтау, иммунитетті нығайту жолдары кеңінен түсіндірілді.