“Туған жердің майталманы” атты тарихи куриз өтті.
16 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапханасында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікованың шығармашылығына арналған “Туған жердің майталманы” атты тарихи куриз өтті. Ақын Мамасерікова есімі жыр сүйер қауымға кеңінен таныс. Шыншыл да сыршыл нәзік, мөлдір сезімге толы өлең-жырларын көпшілік оқырман қауымы асыға күтеді. Ақының өлеңдері уақыт тынысымен тығыз байланысты болып келеді өзін толғантқан жайлар туындыларының өзегіне айналып , сырлы сезім, нақышты оймен жырлайды.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.


