«Туған тілім айбыным» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті.
5 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Туған тілім айбыным» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға қазақ тілінің қасиетін меңгеріп, тілді құрметтеу парызымыз дей келе, шешендердің сөзі мен даналық сөздері, ақындардың тілге арнап жазған жырларымен таныстырып өтті.

