«Тоқтар Әубәкіров – ғарышқа самғаған батыр» атты танымдық сағат өткізілді.
28 шілде күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ерлік жолын насихаттау мақсатында «Тоқтар Әубәкіров – ғарышқа самғаған батыр» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің өмірбаяны, авиация саласындағы еңбегі және 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшып, қазақ халқының тұңғыш ғарышкері атанғаны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ оның ғарышта жүргізген ғылыми тәжірибелері мен ел тарихындағы орны туралы айтылды.


