«Томның басынан өткен оқиғалар» шығармасына арналған ақпараттық сағат өткізілді.
21 қазан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында балалар әдебиетінің көрнекті туындысы, америкалық жазушы Марк Твеннің «Томның басынан өткен оқиғалар» шығармасына арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға жазушы Марк Твеннің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, Том Сойердің қызықты оқиғалары туралы мағлұмат берілді. Шығармадағы Томның достарымен қарым-қатынасы, басынан өткен шытырман оқиғалары, тапқырлығы мен батылдығы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері талқыланып, достықтың, адалдықтың және жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді.

