«Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы адам тағдыры» атты «Әке» шығармасына арналған әдеби пікірталас өткізілді.

28 қазан күні Абай ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдікұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы адам тағдыры» атты «Әке» шығармасына арналған әдеби пікірталас өткізілді.

Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, «Әке» шығармасының мазмұны мен көтерген мәселелері талқыланды. Қатысушылар шығармадағы адам тағдыры, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер туралы өз ойларын ортаға салды.

Пікірталас барысында қатысушылар шығармадағы негізгі ойды талдап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қатысты пікірлерін білдірді. Сонымен қатар әке қадірі, ата-анаға құрмет көрсету және адам өміріндегі отбасының маңызы жөнінде ой бөлісті.