«Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
4 қыркүйек күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкері мен бірлесіп мектеп кітапханашысымен ұйымдастырылған
Тіл мерекесі күніне орай «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ тілінің тарихы, қалыптасуы мен ұлттық құндылық ретіндегі маңызы туралы түсінік берілді. Ана тілін ардақтау – әр азаматтың парызы екені айтылып, тілдің ұлт руханиятындағы орны кеңінен насихатталды.
Мәнерлеп оқу сағатында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының тіл, Отан, елдік пен ұлттық рух тақырыптарындағы өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Атап айтқанда, тілдің қасиетін жырлаған ақындардың шығармаларынан үзінділер оқылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
Сонымен қатар қатысушылар «Ана тілім – ардағым», «Тіл – ұлттың жаны» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, тілге қатысты мақал-мәтелдер айтып, танымдық сұрақтарға жауап берді.





