«Тілге құрмет-елге құрмет» атты әдеби сағат өтті.

20 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық тілдер күні мерекесіне орай оқушыларды ана тілін сүюге,қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты әдеби сағат өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, тілді білу,халықты,тарихты сыйлау,сондықтан да тіліміздің мәртебесін әрқашанда жоғары ұстау керектігі жайлы айтып өтіп, оқушылар мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқыды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся