“Тілдің мерейі – елдің мерейі” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті.
24 сәуір күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Тілдің мерейі – елдің мерейі” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті. Шара барысында кітапханашы тіл халықтың жаны, тұтастай кескін келбеті, болмысы екендігін айтып, қазақ елін,қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнерінің қыр-сыры жайында мағлұматтар берді. Оқушылар тіл туралы өлең тақпақтарын нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.




